Басты » Жаңалықтар » БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫ
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫ
Қазақстан Республикасы халқын еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесе жасаған жоба аясында Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ базасында 2017 жылдың 02 – 07 қазан аралығында «Психикалық ақаулары бар, нашақорлыққа тәуелді сырқаттанушыларды, соның ішінде бала жасындағы науқастарды әлеуметтік бейімдеудің медициналық психологиялық оңалту бағдарламасын жүзеге асырудағы әлеуметтік жұмыс» тақырыбында біліктілік арттыру курстары өтті. Қазақстанның барлық аудандарынан келген медициналық – әлеуметтік және халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мекемелерінен 43 маман курсқа қатысты. Оқытуды Б.Д. Карвасарский атындағы Сантк-Петербургтің психотерапия мен медициналық психология институтынан медицина ғылымының доценті Назыров Равиль Каисовичтің басшылығымен психология ғылымының доценті Лифинцев Дмитрий Валентинович және клиникалық психолог Климов Александр Александрович өткізді. Курс аяқталған соң барлық қатысушылар сертификат иеленді.
Опубликовано: 12.10.17 | Просмотров: 64 | Печать
Сырттың жаңалықтары

Сайт өңделу үстінде: Сергей Зайцев, Сайт CMS Danneo 0.5.3 арқылы құрылған